Бүгін де күн байыды,
Бүгін де шапақ тарады -
Неге сәуле жайылды,
Неге өрлеп барады?

Жұлдыз туды бүгін де,
Көкте нұры көлбейді.
Алмайды тыным жер неге,
Ұйқы неге келмейді?

Жұлдыздар тұр түнеріп,
Ай кетіпті ағарып.
Түн орнына күн келіп,
Жер кетіпті жаңарып.

Нұр үстіне нұр тамып,
Көрік берген далаға.
Ғажап екен бұл жарық,
Бар ма осындай қалада?

Комбайндар қалқып жүр,
Астық жатыр жиналып.
Машиналар шалқып жүр,
Жұрт жүрген жоқ қиналып.

Мотор үні басылмай,
Гармонь даусы қосылған.
Дала қызық осындай,
Өнімді еңбек жосылған.

Күміс толқын шайқалған,
Толқын ба? Адам ісі ме?
Оншасын мен де айта алман,
Сұрай қалған кісіге.

Теңіздерді кезгемін,
Толқын сырын білемін.
Боларын бұлай сезбедім,
Байқамапты жүрегім.

Бұл — тың жерге жарық күн,       
Сөнбес сәуле шашқаны.
Бұл — біздің ұлы халықтың
Мерейінің асқаны.

Тың жердегі мереке,
Жоқ теңдесі теңі де,
Бұл — орнаған береке      
Қазақстан жеріне.

Ибрагим Салахов
1959