Қорғасын бұлт төбесінен басты ма,
Орман неге мұнша басын иеді,
Омырауын ағыл-тегіл жас жуа,
Неге бұлай қара киім киеді?
Бәлкім, орман біліп жырдың қадірін,
Сүйе ме екен сыңсып келіп қабірін?
Тұңғыш рет зиратыңа барғаным,
Тауап етіп бұл жырымды арнадым.
Қолыңды іздеп маңдайымнан сипайтын,
Шын көңілмен лақатыңды қармадым.
Салқын жаңбыр жуып менің бетімді,
Қалай тастап кетесің деп өтінді...
Ибрагим Салахов
Қазан, 18 июнь, 1958