(Әзіл)
Бұраңдап бикеш шашын тарайды,
Шашын тарайды...
Ұрлана күліп,
Маған қарайды...
Маған карайды...

Сылаңдап кейде қасын түзетеді,
Қасын түзетеді...
Қылымси калып,
Мені күзетеді...
Мені күзетеді...

Жасанып кейде гүлдей құлпырады,
Гүлдей құлпырады...
Мені көруге
Солай ынтығады...
Солай ынтығады...

Көк көгершінім ұшып келеді,
Ұшып келеді...
Айнала согып,
Желегін береді,
Желегін береді...

Қиылып қасы жанымнан өтті,
Жанымнан өтті...
Қайтейін, шіркін,
Қарамай кетті...
Қарамай кетті...

Сұлу қыздардың зерегі сирек,
Зерегі сирек....
Менсінбей мені,
Енді кім керек?..
Енді кім керек?!

Ибрагим Салахов
Қазан, 1957