Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын,
Сәкен.
Тұман ба әлде солай тұнып қалған,
Бұлт па екен бір орында ұйып қалған,
Даланың қыраны ма қонақтаған,
Табиғат шеберлікпен құйып салған.
Арқаның май шайланып бөктеріне,
Аялдап Ақ бас бура шөккені ме.
Болмаса байтақ дала өз тойына
Аямай сұлулығын төккені ме.
Ақ мәрмәр асыл шыңның өр қабағын,
Ғажайып, ақық па деп мен қарадым,
Көк сеңгір, көркем сұлу Көкшетауым,
Кенже ұлы сен екенсің кең даланың.
Уа, достым, осында кел тыныстасаң,
Бай саба бал қымызын ұмытпасаң.
Осы екен еңбеқ етсең жайлы мекен,
Тума алтын топырағы уыстасаң.
Ибрагим Салахов
1957