Өкпелемен... Мені көрген шақта,
Көрмедімге салынып кетсең де,
Тап жанымнан мені балап жатқа,
Кердең-кердең басып өтсең де.
Өкпелемен саған, ақылдым...
Өкпелемен сенің көздеріңде
Мені көріп ашу жанса да,
Сол көздерің менің жүрегімді
Өткір қанжар болып жарса да.
Өкпелемен саған, ақылдым...
Өкпелемен... басқа, жат кісіге
Жүрегіңді бөліп берсең де.
Намысымды таптап, нас пішінде,
Қөз жасымды көл қып төксең де,
Өкпелемен саған, ақылдым...
Өкпелемен... һәммә жақсы білем,
Бұл салқын қар ұзақ жатса да,
Гүл бәйшешек жайып жасыл кілем,
Жаз оралар біздің бақшаға.
Өкпелемен саған, ақылдым...
Ибрагим Салахов
1957