Fraza na glavnoy

Стихотворение «Алатау»

Көсіліп ақ бурадай өркештеніп,
Алатау, сен жатырсың жерге шөгіп.
Әр тасың, қарлы басың жанға жылы,
Көргенде марқаямын, терім кеңіп.
Алатау, қарағанда шалғай жерден,
Бәрінен сен көркемсің көргендерден.
Ұмтылып мен жоғары шыққан сайын,
Сен алып көрінесің төсін керген.
Ағарған басың алуан сыр шертеді,
Бұлақтар көңілімді тербетеді.
Алмастай жарқыраған шың, құздарың
Көз тартып, көңілімді өрлетеді.
Жанды естен тандырғандай осы шағың,
Бұдан да тамаша ғой болашағың.
Баурайың жарқыраған шаһар болса —
Емес пе сенің көркің, сенің бағың?
Ибрагим Салахов
1931

be6576c5af170661660fcd1050287df2.jpg